Оқиға • Бүгін, 13:58

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен

1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ыстықкөл облысында сел жүрген кезде жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен

Фото: Қырғызстан ТЖМ

Sputnik Қырғызстанның мәлімдеуінше, 5 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында нөсер жаңбырдың салдарынан тау беткейі опырылып, сел ағындарымен араласып, Балықшы – Ананьево – Қаракөл автожолының бір бөлігін жауып қалған. Лай мен тас массасы Mercedes-Benz Sprinter және Ford Mondeo автокөліктерін, сондай-ақ екі адамды басып қалған. Сол күні сағат 23:35-те 18 жастағы жігіттің мәйіті табылған.

Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атанды

іздеу жұмыстарына шамамен 200 құтқарушы, полицейлер, азаматтық қорғаныс мамандары және жергілікті тұрғындар тартылып, ауысыммен жұмыс істеп жатыр.

«Сел ағыны салдарынан хабар-ошарсыз кеткен мектеп оқушысын іздеу жалғасып жатыр. Әзірге нәтиже жоқ, қосымша ақпарат кейінірек беріледі», деп хабарлады Қырғыстанның ТЖ министрлігі. 

Бұған дейін Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа жұмыс киім ережесі енгізілетіні туралы хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар