Фото: ТЖМ
Өрттің жалпы аумағы 75 шаршы метр болған. Сөндіру жұмысы барысында 1 газ баллоны және 3 оттегі баллоны шығарылған. Осылайша ТЖМ қызметкерлері ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алып, өрттің таралу аумағын төмендетті.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.