Ауа райы • Бүгін, 09:55

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның алты облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?

Фото: ашық дереккөз

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 26 ақпан күні сағат 08:30-дағы жағдай бойынша жеті республикалық автожол учаскесінде уақытша қозғалыс шектелген. Шектеулер ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілген.

Ақтөбе облысында
Ресей Федерациясы шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы бағытындағы жолдың 776-1240 шақырым аралығы (АЗС «ЭКО Ойл» – Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы) жабылды.

Жамбыл облысында
Аталған халықаралық дәліздің 159-238 шақырымы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы), сондай-ақ Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 750-893 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы) бойынша қозғалыс шектелді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

Қарағанды облысында
Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 738-750 шақырымы (Сарышаған кенті – Жамбыл облысының шекарасы) жабық.

Ұлытау облысында
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті жолының 216-424 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы) бойынша шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында
Ресей шекарасы – Қорғас бағытындағы жолдың 1240-2055 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Бәйгекүм ауылы – Түркістан облысының шекарасы), сондай-ақ Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті тасжолының 12-216 шақырымы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы) уақытша жабылды.

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

Түркістан облысында
Ресей шекарасы – Қорғас бағытындағы жолдың 2055-2095 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы) бойынша қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 741 арнайы техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар