Саясат • Бүгін, 08:02

Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жайы пысықталды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтай­дың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңбе­рінде «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы­ның жүзеге асырылу барысы қаралған жиын өткізді.

Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жайы пысықталды

Жиында Премьер-министр­дің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақ­­телеком» АҚ басқарма төр­ағасы Бағдат Мусин жоба­ның биылғы қаңтар айында Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылғаннан бергі атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Орталық Азиядағы энерге­ти­калық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампусты құру жөніндегі «ДӨО алқабы» жобасы бүгінде қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Үкімет тиісті инфрақұрылымдық және құқықтық жағдайларды қам­тамасыз етіп келеді. Атап айт­қанда, жалпы ауданы 1,4 мың гектар жер телімі бөлінді. Ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін қосалқы станса сатып алу, сондай-ақ инвесторлар мен жобаға қатысушыларды мем­ле­кеттік қолдаудың қосым­ша тетік­терін әзірлеу жұмысы жүр­гізіліп жатыр.

Құрылатын инфрақұрылым­ның маңызды элементі – халық­аралық серіктестерді тартуға ар­нал­ған «Greenfield» аймағы бол­мақ. Сондай-ақ одан әрі кеңей­туге болатын 100 МВт-ға де­йінгі қуаттар дайындалды. Инфра­құрылым энергия тиімді­лігінің коэффициенті PUE 1.25 болатын «Tier» III халықаралық стандартына сәйкестендіріледі.

Телекоммуникациялық ин­фра­құрылым саласындағы ең «Ірі hyperscale» және «BigTech» компанияларының талаптарын қанағаттандыру мақ­са­тында желілік кідіріс 80-нен 57 миллисекундқа дейін төмен­детіледі. Бұл – негізгі еуропалық трафик алмасу орталықтарымен тең деңгей.

Бұдан әрі есептеу инфра­құрылымын кезең-кезеңімен ұлғайту, әрбірінің 50 МВт қуаты бар ЖИ-ДӨО-ның төрт кезеңін салу көзделген. Тұтастай алғанда, «ДӨО алқабын» іске қосу елде цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттылығының өңірлік орталығын қалыптастыруға, 30 млрд долларға дейін инвестиция тартуға, сондай-ақ 500-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға жұмыс­тың барлық кезеңін уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету және қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдету тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10