Заң бұзушылық «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Балқаш Тау-кен өндірісі» жұмысында анықталды.
Аймақ тұрғындары қоршаған ортаның ластанғаны шағымданып, бұл туралы «БлагоДарю» қоғамдық қоры арқылы хабарлаған. Олардың өтініші департаментке жолданды. Сарапшылар жоспардан тыс тексеру жүргізіп, компания қызметкерлері өндірістік қалдықтарды далаға төгіп отырғанын анықтады. Заң талаптарына сәйкес, тұрмыстық және өндірістік сулар топырақ пен жер асты суларына ластануға жол бермеуі тиіс.
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
«Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Кәсіпорынға 3 миллион 892 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, біз бұзушылықтарды жою, қалдықтар цехын қайта құру жоспарын әзірлеу туралы міндеттеме бердік, орындау мерзімдері көрсетілген. Барлық жұмыстар 10 наурызға дейін жүргізілуі тиіс», деді Қарағанды облысы экология департаментінің бас маманы Зейнеп Қонырбаева.