Қоғам • Бүгін, 20:03

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облыстық сотында Айзат Жұманованы өлтіру ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау аяқталды. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Отырыс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты Арман Шәріпов сотталушы Айбар Жанболаттың әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта саралауды сұрады.

Алайда қорғау тарапы өзге ұстанымда болды.

«Қорғауымдағы азаматтың әрекетін жеңілірек, яғни ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне қайта саралап, заң аясында жаза тағайындауды сұраймын. Себебі сотталушының кісі өлтіруге ниеті болмаған, өлім абайсызда орын алған», деді Жанат Саркытов.

Судья Айдын Жұрхановтың түсіндіруінше, қолданыстағы заңнама апелляция сатысында істі қосымша тергеуге қайтаруды қарастырмайды.

«Апелляциялық сатыдағы сот істі тағылған бап шеңберінде қарайды. Іс материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне толық сәйкес келеді», деп атап өтті судья.

Ол аталған баптың санкциясы жеті жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін қосты. Сотталушы бұрын сотталмағанын ескере отырып, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Талдықорғанда Айзат Жұманованы өлтірген күйеуіне үкім кесілді

Сонымен қатар, апелляциялық алқа жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өндіру туралы шешімді де өзгеріссіз қалдырды.

 
Соңғы жаңалықтар