Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 28 ақпан және 1 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.
Айта кетейік, жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.