Сурет: Tizgin.kz коллажы
Қоныс аудару бағдарламасы бойынша әр отбасы мүшесіне 300 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ бір жыл бойы тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 100 мың теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
Қызылорда облысынан қоныс аударған Ырысбек Өмірбайдың отбасы бүгінде Жезқазған қаласында тұрып жатыр. Ол «Е-қызмет» онлайн платформасы арқылы бос лауазымға өтінім беріп, мемлекеттік қызметке орналасты.
«Мен бұрын әкімдікте жұмыс істегенмін. Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысты бағдарламамен әуелден таныспын. «Е-қызмет» онлайн платформасы арқылы бос лауазымға өтінім бердім. Қазір Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде бас маман болып жұмыс істеймін. Осы конкурсқа қатысу нәтижесінде Ұлытау облысының «Оңтүстіктен – Солтүстікке көшу» мемлекеттік бағдарламасына енгенін естідім. Облыстағы мансап орталығының мамандарымен сөйлесіп, Ұлытау өңіріне түбегейлі көшуге шешім қабылдадым», дейді Ы.Өмірбай.
Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жас маман қазіргі уақытта Ұлытау облысынан баспана алуға әрекет жасап жатыр.
Ұлытау облысы