Спорт • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің сегіз боксшысы Болгария астанасы – Софияда өтіп жатқан Странджа кубогіндегі тұсаукесер кездесулерін өткізді.

Жарыс күнделігі
  • Былтыр Париж Олимпиадасына қатысқан жерлесіміз Мұхамедсабыр Базарбайұлы (70 кг) жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Абдуләзиз Жұрақұловты (Өзбекстан) ойсырата ұтты. Бұл салмақтағы Фарух Тоқтасынов та аустриялық Арсен Чабяннан айласын асырды. Бағлан Кенжебек (55 кг) Нижат Хусейновтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (55 кг) Пэтси Джойстан (Ирландия), Нұрмагомед Юсупов (90 кг) Конор Уильямстен (Уэльс) басым түсті. Бекзат Алдамжаров (50 кг) Асылбек Жалиловтен (Өзбекстан), Руслан Күзеубаев (60 кг) Салим Эллис-Бейтен (АҚШ), Бейбарыс Жексен (60 кг) Лундаа Гантумурдан (Моңғолия), Диас Молжігітов (80 кг) Робби Гонсалестен (АҚШ), Санжарәлі Бегалиев (80 кг) Дос Сантос Белни Кауеден (Бразилия) жеңілді.

л

  • Еліміздің ең атақты еркін күрес шеберлері, әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов сәуір айында Бішкекте жалауы желбірейтін Азия чемпионатынан босатылды. Бұл жайында ұлттық құраманың бас бапкері Данияр Қайсанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғызстан астанасында ел біріншілігінде дараланған балуандар бақ сынайды. Жоғарыда есімдері аталған команда серкелері биыл күзде Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында алауы тұтанатын Азия ойындарында өнер көрсетеді.
  • Алматының «Қайраты» футзалдан Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы ойынын өз алаңында Испанияның «Картехеніне» қарсы өткізіп, 1:2 есебімен есе жіберді. Қарымта матч екі аптадан кейін өтеді.

д

  • Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов көмек­шілерінің есімі белгілі болды. Жауап­ты міндет Иван Азовский, Марат Есля­мов, Елдос Ахметов (бас бапкердің көмек­шілері), Юрий Новиков (қақпашылар жаттықтырушысы), Мұхтар Ерімбетов (дене дайындығы жөніндегі жаттықтырушы) сынды мамандарға жүктеліп отыр.
  • Бұл күндері Индонезия астанасы – Джакартада семсерлесуден жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні ұлттық құрама қоржыны қос қоламен толықты. Жекелеген сында Айбар Қайым шеберлігімен көзге түссе, Дарья Самоделкина, Сабина Серікова, Полина Лесовская, Арина Наместниковалар командалық сайыста үздік үштікті түйіндеді. Бір айта кетерлігі, Дарья күні кеше ғана Италияда алауы сөнген Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаушылардың «ТОП-10-дығы» қатарынан көрінген Софья Самоделкинаның туған сіңлісі. 
Соңғы жаңалықтар