Тексеру кезінде көлік көлік құралының барлық орындығы алынып тасталып, толықтай жатын орын ретінде қайта жабдықталғаны белгілі болған.
Жүргізуші рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шараның үш күнінде 457 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліпті. Оның ішінде мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.