Іс-шараны Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова ашып, жаңа құжаттың мемлекет тұтастығын нығайту мен адам құқықтарын қорғаудағы маңызын атап өтті.
«Конституция жобасы қоғамдық келісім үшін айқын бағдарды белгілейді, олар – адам құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және институттардың жауапкершілігі. Конституциялық қағидалар неғұрлым нақты болса, қоғамдағы сенім деңгейі мен институттардың тұрақтылығы соғұрлым жоғары болады», деді өз сөзінде А. Сәдуақасова.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарованың айтуынша, жаңа Конституция жобасы тең құқықтар қағидатын және Қазақстанның сан алуандылығына құрметті нығайтады.
«Қоғамдық келісім әділдікке, диалогқа және өзара мойындауға негізделген жүйе арқылы қалыптасады. Конституция жобасы қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңін көрсетіп, қоғамды топтастырудың жинақталған тәжірибесін ескере отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған» деді сарапшы.
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Алқалы жиынды институттың Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әмребаев жүргізіп, қоғамның дамуына бағытталған Ата заңдағы өзгерістердің мәні мен маңызына, Халық кеңесінің этносаралық бірлікті күшейту мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды.
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы Өкілдігінің жетекшісі Әсел Назарбетова атап өткендей, референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасы құқықтық мемлекеттілікті нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруда институционалдық әлеуетке ие.
Жаңа Конституция жобасының баптарында зайырлылық қағидаттарын бекітудің маңыздылығына ерекше тоқталып өткен институттың бас ғылыми қызметкері Наталья Сейтахметова бұл қағидаларды «smart-зайырлылық» деп сипаттап, оның ар-ождан бостандығы, диалог мәдениеті және толеранттылық қағидаттары сияқты азаматтық татулық құндылықтарын нығайтатындығын айтты. Мұндай құндылық негізі жаңа онтологиялық шынайылық жағдайында көзқарастар алуандығын сақтай отырып, қоғам бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Институттың Дінтанулық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Косиченконың айтуынша, жаңа Конституция жобасының қоғамдық өмірдің моральдық негіздерін нығайтудағы маңызы зор. Бұл негіздер адамның қадір-қасиетін құрметтеу, өзара жауапкершілік және диалог мәдениеті сияқты құндылықтарды қамтиды. Діннің оң рөлі руханиятты, мейірімділік пен ынтымақтастықты қолдаудан көрініс табатын болса, бұл қоғам бірлігін сақтауға ықпал етеді.
Сарапшылар жаңа Конституция жобасына оң баға беріп, қоғамдағы келісімді нығайтуға бағытталған конструктивті әлеуетін, азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғау арқылы халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғандығын атап өтті.