Ауа райы • Бүгін, 15:30

Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында күн ерте жылынып, ауа температурасы +30 градусқа дейін көтерілді. Биыл көктем әдеттегіден ерте келіп, өңірдегі жеміс ағаштары мезгілінен бұрын гүлдей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді

Жылы күннің әсерінен өрік пен бадам ағаштары алғашқы болып бүр жарып, кей аумақтарда толық гүлдей бастады. Мамандардың айтуынша, ауа райы күрт суып кетпесе, алдағы күндері алма мен шие ағаштары да гүлдейді.

Түркістанға көктем ерте келді: Нәурізек құсы оралып, бәйшешек гүлдеді

Сонымен қатар бағбандар ерте гүлдеу өнім көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін екенін атап өтеді. Егер көктем соңында үсік болмаса, биыл жеміс-жидек өнімі мол болады деген үміт бар. Ал күн райы құбылмалы болып, салқын түссе, жас гүлдерге қауіп төнуі ықтимал. Сондықтан шаруалар ауа райын жіті бақылап, ағаштарды қорғау шараларын алдын ала ойластырып жатыр.

Іле Алатауында бәйшешек гүлдеді

 
Соңғы жаңалықтар