Фото: ашық дереккөз
24 ақпан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша бірқатар өңірде жол қозғалысы барлық көлік түрлері үшін ашық.
Солтүстік Қазақстан облысы
Облыс аумағындағы бірнеше республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көлік қозғалысына рұқсат берілді. Атап айтқанда, Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы, Астана – Атбасар – Қостанай бағыты, Жезқазған – Арқалық – Петропавл жолы, Көкшетау – Қазақстан шекарасы бағыттары, сондай-ақ Петропавл қаласы мен аудандық елді мекендерді байланыстыратын жолдар ашық тұр.
Қостанай облысы
Астана – Қостанай бағыты және Қостанай – Мамлютка жолының жекелеген учаскелерінде қозғалыс қамтамасыз етілген.
Ақмола облысы
Көкшетау – Рузаевка, Көкшетау – Қазақстан шекарасы, Көкшетау қаласының айналма жолы, Щучинск – Зеренді, Көкшетау – Атбасар, Макинск – Ақсу – Торғай, Астана – Петропавл және Астана – Қостанай бағыттарында жол ашылды.
Абай облысы
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы автожолының Аягөз қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігі ашық.
Шығыс Қазақстан облысы
Аталған бағыт бойынша Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін көлік қозғалысына рұқсат етілген.
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жол учаскелерінде уақытша шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Павлодар облысы
Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар тұс) көпір құрылымының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысы
Күрделі таулы аймаққа байланысты Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылына бұрылыс пен Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.
Қазіргі таңда жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты нақтылап алу ұсынылады.