Ғылым • Кеше

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Индонезия Республикасының Қазақстан және Тәжікстан мемлекеттеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Фаджрул Рахман өз әріптестерімен бірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті

Шетелдік қонақтар университет басшылығымен кездесіп, екі елдің жоғары оқу орындары арасында халықаралық деңгейде қарым-қатынас орнату жайында сөз қозғады. Жәңгір хан университетінің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нұркен Маратұлы елшілік өкілдеріне жоғары оқу орнының білім беру деңгейі және ғылыми әлеуеті туралы айтып өтті. Төтенше және өкілетті елші Мохаммад Фаджрул Рахман Индонезияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқығысы келетін студенттерге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұдан әрі қос тарап екі ел арасындағы байланыс және білім-ғылым салалары бойынша пікір алмасты.

Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады? 

Индонезия елшілігінен келген меймандар студенттермен және оқытушылармен де кездесті. Елшіліктің әлеуметтік-мәдени бөлімі қызметкері Агуң Сапутра университет жастарына өз елінің бай мәдениеті мен өнерін таныстыру мақсатында ұлттық биін билеп берді. Елшіліктің тағы бір қызметкері Гүлнұр Сейсенқұлова танымдық викторина ұйымдастырып, жастардың көңілін сергітті. Елшіліктен келген тағы бір мейман Уильям Жайаңга өзінің ана тілінде және қазақ тілінде ән шырқап, көпшілікті тәнті етті. Кездесу соңында қос тарап бір-біріне естелік сыйлық табыстап, достық және ынтымақтастық байланысты бекіте түсті.

 Оралдық ғалымдар жаңа агрожоба ұсынды

Соңғы жаңалықтар