Аймақтар • Кеше

Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда Facebook әлеуметтік желісіндегі сыни жазбасын жою үшін қомақты қаржы талап еткен үш азамат істі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды

Сот материалдарындағы дерекке сай, сотталушылар ғимараттағы кемшіліктер туралы жарияланымды жою үшін 2,5 млн теңге көлемінде қаржы талап етіп, қосымша шарттар қойған.     

Істі болған азаматтар спорт кешенінің директорын қорқытып, бопсалапты. Бұдан бөлек, белгілі бір қызметкерді жұмыстан шығаруды сұрап, мұндай ақпараттың алдағы уақытта таралмауын қамтамасыз етуге тырысқан. Жәбірленуші қаражат беріп, екі жылдық абономент ұсынған.

583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды

Прокурор оларға қатысты 4 жыл 6 алты айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сот шешімімен айыпталушылардың біріне үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы, қалған екеуіне үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды

Соңғы жаңалықтар