Футбол • Бүгін, 21:16

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов бастаған жаттықтырушылар штабының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

Ұлттық құраманың бапкерлер жаттықтырушылар штабы келесідей:

Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі;
Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі;
Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі;
Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы;
Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері.

Айта кетейік, наурызда Қазақстан құрамасы FIFA Series 26 турниріне қатысады. Астанада өтетін жарыста Комор аралдары мен Кувейт/Намибия құрамаларына қарсы ойнайды. 

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

 

Соңғы жаңалықтар