Ауа райы • Бүгін, 09:25

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 23 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?

Фото: ашық дереккөз

Ашық жол учаскелері

Ақтөбе облысы:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 км аралығы (Эко Ойл жанармай құю бекеті – Ырғыз ауылы).

Қостанай облысы:

  • «Қостанай – Мамлютка» автожолы 250-402 км аралығы (Ұзынкөл ауылы – Тобыл қаласы);

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы 555-682 км аралығы (Тобыл – Сарыкөл).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» 496-522 км аралығы(Петропавл – Мамлютка);

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Қостанай – РФ шекарасы» 729-856 км аралығы;

  • «Көкшетау – Рузаевка» 61-196 км аралығы;

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 595-946 км аралығы;

  • «Қостанай – Мамлютка» 226-406 км аралығы;

  • Сондай-ақ бірқатар аудандық және облыстық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс қайта ашылды.

Уақытша жабылған жолдар

Қолайсыз ауа райына байланысты кей өңірлерде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ұлытау облысы:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы 759-788 км аралығы (Жаңаарқа – Қарағанды облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

  • «Астана – Қорғалжын» 19-124 км аралығы;

  • «Көкшетау – Атбасар» 47-184 км аралығы;

  • «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 35-51 км аралығы;

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» 30-92 км аралығы жабық тұр.

Қарағанды облысы:

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» 92-164 км аралығы;

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 788-906 км аралығы;

  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc» 17-217 км аралығы;

  • «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 51-266 км аралығы;

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» 248-359 км аралығы;

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 970-1135 км аралығы жабық.

    Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

Павлодар облысы:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 1135-1206 км аралығы;

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 200-415 км аралығының бірнеше учаскесі;

  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» 0-137 км аралығы;

  • «Қалқаман» жол айрығында жол өткелінің зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Қосымша шектеулер

Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында (46-66 км) 2024-2025 жылғы қыс мезгілінде ауыр жүк көліктеріне (тіркемелі және жартылай тіркемелі) қозғалысқа шектеу қойылған.

Сонымен қатар, 16 облыста және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды.

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Соңғы жаңалықтар