Ауа райы • Бүгін, 09:16

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің көптеген өңірлерінде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетіп, екпіні 23-28 м/с, кей өңірлерде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

  • Абай облысында қар, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 30 м/с-тен асуы ықтимал.

  • Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қар мен боран күтіледі, тұман түседі.

  • Шығыс Қазақстан облысында кей аумақтарда қатты қар жауып, боран соғады.

  • Жетісу облысында тұман түседі, Алакөл маңында жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

  • Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман және екпінді жел күтіледі.

  • Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында тұман болады, таулы аймақтарда жел күшейеді.

  • Алматы қаласы мен Шымкентте түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

  • Астанада қар, боран және көктайғақ болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, күндіз және түнде 20-25 градус аязға дейін барады. Кей аудандарда 24 ақпанға қараған түні 32-37 градусқа дейін суытуы мүмкін. Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағындағы Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар жамылғысының қалың әрі тұрақсыз болуына және жылымыққа байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Павлодарда көктайғақ салдарынан 150-ден астам адам жарақат алған

Мамандар қар басқан тау беткейлеріне шықпауға кеңес береді, себебі бұл қар көшкінін қоздыруы мүмкін. Таулы жерлерде барынша сақ болу қажет.

Соңғы жаңалықтар