Олимпиада • Кеше

Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күнінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және елдің солтүстігіндегі өзге де қалаларында қазақстандық спортшылар бір спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz

Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады

Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де шаңғы жарысынан бәсеке басталады. Әйелдер 30 шақырымдық қашықтықта сынға түседі. Масс-старт жарысына Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысады.

22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні (Қазақстан уақытымен) Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді.

Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 ойындарын бір алтын медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады.

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Айта кетейік, қысқы Олимпиада-2026 жарыстарында Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, биатлон, шаңғы жарысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл-могул, фристайл-акробатика, тау шаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау.

Джеки Чан, Геннадий Головкин және Михаил Шайдоров Миланда кездесті

Сондай-ақ Қазақстан Олимпиадада төрешілер құрамында да ұсынылған. Еліміздің өкілдері фристайл-могул және мәнерлеп сырғанау бойынша қазылық етуде.

 
Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • 21 Ақпан, 2026