Фото: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
Кездесу барысында «Тұран-Астана» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжамал Жапарова, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматов сөз сөйледі. Спикерлер жаңа Конституцияның жобасы туралы егжей-тегжей айтып, жалпыұлттық референдум азаматтардың, әсіресе жастардың құқықтық мәдениетін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
«Жастар» ғылыми зерттеу орталығының директоры, диалог алаңының модераторы Гүлісхан Нахбаева орталықтың ғылыми зерттеу қызметі және цифрлық ресурстар туралы ақпарат ұсынды, сондай-ақ «Jastar AI» виртуалды кеңесшісінің жобасын таныстырды.
Орталық директоры атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты – жастарды қолдау бағдарламаларын қоса алғанда, мемлекеттік жастар саясаты туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Чат-ботты қоса алғанда, жасанды интеллект базасындағы виртуалды консультант қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде консультациялар береді.
Кездесу соңында сарапшылар студенттердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, конституциялық реформаны әрі қарай талқылаудың маңыздылығын, олардың ел дамуына ықпалы мен бүгінгі жастармен өткен кездесудің көңілден шыққанын жеткізді.
Іс-шара қорытындысында «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы мен «Тұран-Астана» университеті ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.