Ауа райы • Кеше

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше жолы жабылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше жолы жабылды

Павлодар облысында 21:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелді. Жолдардың болжамды ашылу уақыты – 19 ақпан сағат 09:00.

Ақмола облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 км аралығында қозғалыс шектелді (Астана – Павлодар облысы шекарасы).

Абай облысында сағат 21:00-ден бастап «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 583-733 км аралығында қозғалыс шектелді (Павлодар облысы шекарасы – Семей).

Қарағанды облысында:

  • «Қалқаман – Баянауыл – Ұмыткер – Ботақара» автожолының 231-324 км аралығы (Павлодар облысы шекарасы – Ботақара);
  •  «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 км аралығына шектеу енгізілді (Қарағанды – Павлодар облысы шекарасы).

Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты – 19 ақпан сағат 09:00.

Соңғы жаңалықтар