Теннис • Бүгін, 18:28

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін уақытынан бұрын аяқтайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жас хорватиялық теннисші Антония Ружичпен кездесті.

Бірінші сетте Қазақстандық 0:2 және 1:3 есебімен артта қалса да, матчтың ағымын өзгертіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина ойынды қайта жалғастыра алмады да, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Үшінші сетте де Қазақстандық спортшы кортқа дәрігерлерді шақыртып, ойынды жалғастыра алмайтынын айтты.

Айта кетейік, Дубай турнирінің жеңімпазы 385 мың доллар, яғни шамамен 188 миллион теңге алады. Ал 1/8 финалда жарыстан шығып кеткен Рыбакина 49 250 доллар табыс тапты.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің үшінші ракеткасы атағын қайтарып алған еді.

Ал Дубай турнирінде Қазақстандық теннисші ойынды сәтті бастап, Австралиялық Кимберли Бирреллді жеңген еді. 

 
Соңғы жаңалықтар