Спорт • Бүгін, 16:48

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

фото:

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.

Соңғы жаңалықтар