Ата заң • Бүгін, 17:35

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында құрылған Студенттер Ассамблеясы мүшелерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

Кездесуде «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев сөз сөйледі. Төраға Конституция халықтың түпкілікті мүдделерінің көрінісі екенін, ал жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың қоғамның барлық мүшелері үшін, әсіресе, жастар үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Тимур Жұмырбаев «Ассамблея жастары» ұйымы Конституция жобасын кеңінен қолдайтынына назар аударды. Себебі Конституция табысты мемлекеттің іргетасы, онда адамның өмірі негізгі құндылық болғандықтан, Қазақстан жастары үшін бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті

Сонымен қатар елордалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов сөз сөйлеп, мәдениет, ғылым және білім құндылықтарының маңыздылығына тоқталды. Ол бұл қағидаттардың басымдығы адами капиталды дамытудың жаңа кезеңі екенін, сондай-ақ жас таланттарды қолдаудың маңызды шаралары туралы айтып берді.

Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады

Қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, құжаттың қазіргі және болашақ ұрпақтың сенімді дамуына негіз болатынын түсіну жастар үшін маңызды екенін атап өтті. Басқа университеттерде де осындай кездесулер өткізудің өзектілігі және жастар қауымдастығына жаңа Конституцияның негізгі ережелерін одан әрі түсіндірудің маңызы атап өтілді.

Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ

Іс-шараға Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттік ассамблеяларының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастары және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар