Спорт • Бүгін, 15:43

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-12 сәуір күндері елордада Ұлттық лига командалары арасындағы волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының плей-офф матчтары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Отандық волейбол тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңі «Барыс Аренада» ұйымдастырылмақ. Бұл – еліміздегі ең ірі көпфункционалды спорт ареналарының бірі.

Жарысқа елдің ең үздік төрт клубы қатысады: «Жетысу» (Талдықорған), «Қуаныш» (Петропавл), «Берель» (Өскемен) және «Тұран» (Түркістан).
Ойындар плей-офф жүйесі бойынша өтеді: жартылай финал сериялары екі жеңіске дейін жалғасады. Плей-оффта «Жетысу» – «Тұран» және «Қуаныш» – «Берель» командалары сынға түседі. Финал және үшінші орын үшін ойын да екі жеңіске дейін өткізіледі.
 
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті

Чемпионаттың шешуші кезеңін осындай деңгейдегі аренада өткізу Қазақстандағы волейболды дамыту мен насихаттауда маңызды қадам. Аренаның сыйымдылығы – 11 626 көрермен, бұл кең аудиторияны тартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық лиганың финалдық кезеңіндегі барлық матчқа кіру тегін.
Соңғы жаңалықтар