Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

«Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. 

Соңғы жаңалықтар