Референдум • Кеше

Референдумның күнтізбелік жоспары бекітілді: Дауыс беру 15 наурызда өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру кестесі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы референдум нәтижелерін дауыс беруден кейін 7 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумның күнтізбелік жоспары бекітілді: Дауыс беру 15 наурызда өтеді

Фото: depositphotos.com

Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

  • 12 ақпаннан 14 наурызға дейін сайлауалды үгіт-насихат өтеді.
  • 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдары, сондай-ақ референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер жарияланады;
  • 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізімдер ұсынылады;
  • 27 ақпаннан 4 наурызға дейін азаматтарға қайда және қашан дауыс бере алатыны туралы ресми түрде хабарланады.
  • 14 наурыз – тыныштық күні. Бұл күні үгіт-насихат жүргізілмейді.
  • 15 наурыз – дауыс беру күні. Сайлау учаскелері таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды.

Соңғы жаңалықтар