Мәселен, 2025 жылдың қарашасында орташа ауа температурасы – 0,36 °C, желтоқсанда – -8,1 °C, қаңтарда – -14,3 °C болған.
«Осылайша, жылумен жабдықтау тарифі көтерілген жоқ. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу тұтыну көлемі объективті түрде артты, бұл өз кезегінде түпкілікті құнынан әсер етті. Азаматтық кодекстің 488-бабына және «Жылу энергетикасы туралы» заңға сәйкес, төлем нақты тұтынылған энергия көлемі үшін жүргізіледі», делінген «Астана-Теплотранзит» АҚ таратқан хабарламада.
Кәсіпорын мәліметінше, жылу энергиясының құны мына факторларға байланысты есептеледі:
- Ауа райы жағдайлары (сыртқы ауаның орташа айлық температурасы);
- Жылу энергиясын есепке алу құралының болуы және жарамдылығы;
- Есептеу әдісі (есепке алу құралы бойынша немесе есептік әдіспен);
- Ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін уақытылы тапсыру;
- Жылу энергиясын тұтыну көлемі.
Бірыңғай төлем құжаты бойынша төлем айдың 25-іне дейін жүргізілу қажет. Бұл күннен кейін түскен төлемдер келесі есептік кезеңде ескеріледі.
Айта кетейік, осы айда көптеген ел азаматтары коммуналдық төлем сомасы әдеттігеден көп екенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды