Қысқы спорт • Бүгін, 17:15

Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен аралас эстафетада ширек финалдық жарыстар өтті, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ел құрамасы соңғы, үшінші жарыста өнер көрсетті. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан төртінші нәтиже көрсетті.

Әрбір жарыста алғашқы екі команда жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар үшінші орын алған командалардың арасынан ең жақсы уақыт нәтижесін көрсеткен тағы екі құрама да келесі кезеңге өтті.

Осылайша, ұлттық құрама бұл олимпиадалық сайыс түрінен жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, бүгін қысқы Олимпиаданың жарыс жолына шорт-трекшілер мен шаңғышылар да шықты. Өкінішке қарай, бұл сындарда отандастарымыз келесі кезеңге өте алмады.

Ал фристайл-могулдан іріктеу кезеңінде бақ сынаған Павел Колмаков финалға жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар