Президент • Бүгін, 15:03

Тоқаев кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді доғаруды тапсырды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді доғаруды тапсырды

Фото: gov.kz

«Жалпы ішкі өнімінің 40 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестицияның 70 пайызға жуығы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Бұл – кейінгі жылдары жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Дегенмен қазір табысқа риза болып отыратын заман емес. Елімізде азаматтардың бизнеспен жаппай айналысуына мән беріліп, оған барынша жағдай жасалып жатыр. Бірақ мұндай шара бүгінгі таңда аздық етеді.

Үкімет кәсіпкерлікті дамыту ісінде енді, ең алдымен, сапаға айрықша көңіл бөлуі керек. Мемлекеттік көмекті бизнестің технологиялық деңгейіне және санатына қарай саралап беру қажет. Шағын бизнесті қолдау шаралары нақты әрі тиімді болуға тиіс. Кәсіпкерлерді «күнкөріс режимінен» шығып, тұрақты даму жолына түсуге ынталандыру маңызды. Шикізаттық емес сектордағы даму әлеуеті жоғары орта бизнесті қолдау шаралары дайын өнім сататын нарық ауқымын кеңейтуге ықпал етуі қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қолдау саясатын түбегейлі өзгерту туралы ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Тоқаев Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды

«Ұсыныстар 1 сәуірге дейін енгізілуге тиіс. Әрбір кәсіпкер смартфон арқылы тікелей қолдана алатын біртұтас цифрлық экожүйе жасалуы қажет. Қазіргі реттеу шаралары кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі туғызады, материалдық шығын келтіреді. Осы кедергілер мен шығындарды азайту үшін кезінде шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Бірақ мораторий мерзімі аяқталған сәтте бәрі қайтадан бұрынғы қалпына түсті.

Мысалы, 2020 жылы 70 мың тексеру жасалса, былтыр бұл көрсеткіш 92 мыңға дейін артқан. Тіпті, оның 85 пайызы жоспардан тыс жүргізілген. Шаш ал десе, бас алатын мұндай әрекетті доғару керек. Мұндай тексерулердің орнына медициналық қорды немесе жекеменшік мектептерді, әлеуметтік жеңілдіктер беру жүйесін тексеру керек еді. Реттеушілік реформаның жаңа кезеңіндегі басты міндет – блокчейн мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы цифрлық модельге толық өту. Бұл ретте «Реттеуші сары парақтар» (Regulatory Yellow Pages) қағидаты басшылыққа алынуға тиіс. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аталған жұмысты жыл соңына дейін аяқтауы қажет», деді Президент.

Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет

 

Соңғы жаңалықтар