Үкімет • Бүгін, 10:49

Жаңа өндірістік нысандарға қанша инвестиция тартылады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда Олжас Бектенов экономиканың қол жеткізілген өсу жылдамдығы инфрақұрылымды озық қарқынмен дамытуды талап ететінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа өндірістік нысандарға қанша инвестиция тартылады?

Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Дегенмен арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды.

Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға дейін төмендейді

Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдап жатыр.

«АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды. Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылады», деп атап өтті Олжас Бектенов.

щ

Айта кетейік, дәл қазір Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар