Әлем • Бүгін, 09:59

Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангладештің солтүстігінде тұратын әйел адам 21 қаңтарда аурудың алғашқы белгілерін сезініп, 1 аптадан кейін қайтыс болған. Оның вирус жұқтырғаны келесі күні расталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды

Фото: Hit Stop Media / Фотобанк istockphoto

The Independent басылымының мәліметінше, марқұмның сапарға шықпағаны, алайда жұқтыру қаупінің факторларының бірі саналатын құрма пальмасының шикі шырынын тұтынғаны айтылған.

Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады

Дерттің белгілері ретінде жоғары температура, қатты бас ауруы, кеңістікті бағдарлай алмау және дененің құрысуы байқалған.

Жаңа қауіпті вирус: Үндістаннан келген адамдар ерекше бақылауда болады

Аталған вирусқа қарсы дәрі-дәрмек те, вакцина да жоқ. Ауру жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім деңгейі 90%-ға дейін жетеді. Аса қауіпті болғанымен нипах вирусының әлемдік ауқымда таралу қаупі төмен деп бағаланып отыр.

Мысалы, Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, ел аумағында тропикалық жарқанаттар сияқты табиғи резервуарлардың болмауына байланысты вирустың пайда болу ықтималдығы өте төмен. Республикада инфекцияның сырттан әкеліну деректері тіркелмеген.

Ал Ресей Ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко нипах вирусының COVID-19 пандемиясы сияқты жаһандық деңгейде таралуына негіз жоқ екенін атап өткен.

Нипах вирусы анықталған жағдайда Алматы әуежайы қалай әрекет етеді?

Соңғы жаңалықтар