Медициналық кампус тек ЖОО емес, 60 мың студентке арналған қалашық болмақ.
Қала әкімімен кездесу барысында жобаның толық таныстырылымы жасалды.
Кампус салуға 2 млрд доллар инвестиция тартылып, 5 жыл ішінде толық жүзеге асады. Нысан аумағында жатақхана, 1000 орындық аурухана, клиника, оқу корпусы салынады. Нәтижесінде 3800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Жоба жетекшілерінің пікірінше, университет өңірдің дамуына серпін беретін негізгі орталықтардың біріне айналуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылғанын хабарлаған едік.