Министрлік аталған ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайды.
Елімізде белгіленген заңға сәйкес инвестициялық компаниялардың, брокерлердің және қаржы нарығындағы басқа да кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялауды, тіркеуді және қадағалауды тек қана уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар министрлік Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, қолданыстағы тәртіп бойынша тиісті рұқсат алуға міндетті екенін еске салды.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желілерде белең алған арандатушылық әрекеттерге қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.