Ол жергілікті спортшы Доменик Арнольдпен айқасады. Осы күнге дейін отандасымыз тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алты қарсыласын нокаутқа жіберді. Неміс боксшысы жеті бәсекенің бесеуінде басымдық танытса, екеуінде жеңіліс тапты.
Виктор Теміровтің жойқын соққыларына дән риза жанкүйерлер оны «Головкиннің ізбассары» деп атап жүр. Ал боксшының өзі оған лайық болу үшін барымды саламын деп жұлқынып тұр.