Ғылым • Кеше

Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

40 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Басқосудың басты мақсаты – жаңа Конституция жобасы шеңберінде ғылым, білім, адами капитал және инновацияның мемлекет дамуының стратегиялық өзегіне айналуын талқылауға арналды. 

Жиын барысында ғалымдар мен сарапшылар конституциялық реформалардың мазмұнын ғылыми-эксперттік деңгейде қарастырып, Ата Заңда ұсынылып отырған өзгерістерді талқылады. Бұған Мәжіліс депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, академиктер қатысты.

Іс-шараны Академияның президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы жүргізіп, еліміздің дамуындағы тарихи кезең – Ата Заңға енгізілетін жаңа өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталды.

«Бірінші болып Үкімет үйінде, күні кеше өз арамызда академиктермен, еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен жаңа Ата Заңымыздың жобасын талқыладық.

Конституцияның жобасында адами капиталды, ғылым мен инновацияларды дамыту, алғаш рет мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде анықталып отыр. Бұл жаңа конституциялық модель – елдің болашағына бағыт, бағдар беретін дамудың зяткерлік картасы деуге болады», деді ол.

А.Күрішбаевтың айтуынша, қазір еліміздің болашағы айқындалатын тарихи кезең. Ата Заң құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттің ұзақ мерзімді ғылыми-технологиялық дамуының іргетасын  қалайтыны анық.

«Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық тұрақтылығы мен өркендеуінің басты тірегі екені белгілі. Осыған орай ғылыми қауымдастық жауапкершілікті сезініп, Конституциялық реформалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені, өкінішке қарай әлеуметтік желілерде кейбір азаматтар Конституция жобасы мәтінін мұқият оқымай, соңына дейін түсінбей әртүрлі негізсіз ақпараттар таратып отыр.

Осы жағдайды ескере отырып, елімізге еңбегі сіңген көрнекті ғалымдар, оның ішінде Қазақстанның Еңбек Ерлері бар академиктер конституциялық реформаларға қатысты өз ұстанымын ашық білдіріп, қоғамдық пікірге үндеу жариялауды ұйғардық», деді Ақылбек Қажығұлұлы.  

Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Осы орайда отырысқа қатысқан мамандар конституциялық жаңғыруды тек құқықтық акт ретінде емес, білімді, инновацияны және сыни ойлауды бағалайтын жаңа қоғамдық келісімнің негізі ретінде түсінуге жол ашатынын баса айтты. 

Академиктер өз сөздерінде Конституциялық өзгерістер ұлттық құндылықтарға негізделіп, қоғамның ұзақ мерзімді дамуына қызмет етуі тиіс екендігін атап өтіп, білім мен ғылымға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауды оң қадам ретінде бағалайтындықтарын атап өтті. Ел экономикасын дамыту ғылымға негізделуі тиіс екендігін атап, әлемнің дамыған мемлекеттері дәл осы ғылыми-технологиялық жолмен өркендегенін мысалға келтірді.

Академия атынан жарияланған академиктердің үндеуінде Ата заң жобасына ғалымдардың қосқан үлесі туралы айтылған:

«Ұлттық ғылым академиясының өкілдері жаңа Конституция жобасын әзірлеу жұмысына белсенді түрде, жауапкершілікпен қатысты. Соның нәтижесінде ұсынылып отырған жаңа Конституцияның орталық идеясы ретінде ғылым мен білім, мәдениет пен инновация айрықша айқындалып отыр. Бұл – еліміздің даму бағыты табиғи байлықтарға ғана емес, ең алдымен адам капиталына, білімді ұлт пен зияткерлік әлеуетке сүйенуі тиіс деген түбегейлі көзқарастың көрінісі. Жаңа Ата Заңның басты идеяларының бірі – Қазақстанның болашағы азаматтарының білімімен, ғылымымен, шығармашылығымен және жаңашыл ойымен айқындалатынын нақты бекіту».

Сонымен қатар акамедия мүшелері жалған ақпарат пен арандатушылардың сөзіне еру мемлекет бірлігіне сына қағатынын атап өтті.

Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады

Дөңгелек үстел талқылау форматында жалғасып, қатысушылар Конституция жобасының ғылыми, әлеуметтік және институционалдық аспектілері бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Академиктер мен сарапшылар ғылымға негізделген конституциялық нормалардың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне ерекше назар аударды.

Академиялық қауымдастық жаңа конституциялық модельді тек құқықтық құжат емес, елдің «даму зияткерлік картасы» ретінде бағалап, бірауыздан қолдау білдірді.

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Соңғы жаңалықтар