Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

«Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Пәкістанның астанасы Исламабадта орналасқан Хадиджа-тул-Кубра мешітінің маңында жұма намазы кезінде жарылыс болып, салдарынан кемінде 31 адам қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55