Жеңіл атлетика • 07 Ақпан, 2026

Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады

фото: olympic.kz

Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.

Күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35