Фото: ortcom.kz
Оның айтуынша, Комиссияның қарауына Конституция жобасының 18-бабына қатысты бірқатар ұсыныс келіп түскен. Заңгерлер мен мамандардың пікірінше, заңға техника тұрғысынан сұрақтар бар.
«Осы баптың 2-тармағында «Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды» деп көрсетілген. Бұл жалпы дұрыс. Дегенмен, орыс тіліндегі аудармасында «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған», деді Бас прокурордың бірінші орынбасары.
Сол себепті кейбір мамандар «сот шешімінсіз күдіктіні ұстауға мүлдем болмайды» деп түсініп қалу қаупі бар екенін айтты.
«Мәтін мазмұнына қарасақ, расында да дәл солай. Кісі өлтіру, басқа да қоғамға қауіпті қылмыстар кідірісті көтермейтіні анық. Қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау — құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі. Тек осыдан кейін ғана сот оны күзетпен ұстау туралы шешімді қабылдайды. Бұл дүниежүзілік тәжірибе саналады. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керек. Сондықтан талқылаудағы осы норманы заң техникасы тұрғысынан қайта қарап, нақтылауды ұсынамын», деді Жандос Өмірәлиев.
Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар