Әлем • Бүгін, 17:24

Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

MV Hondius круиздік лайнерінде болған 17 америкалық АҚШ-қа жеткізілді. Олардың бірінен хантавирус инфекциясы расталса, тағы бір жолаушыда жеңіл белгілері байқалған, деп жазады Egemen.kz.

Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды

Фото: NBC (Видеодан алынған кадр)

АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің мәліметінше, екі адам ұшақпен тасымалдау кезінде арнайы оқшауланған бөлімдерге орналастырылған.

NBC телеарнасының хабарлауынша, америкалықтарды алып келген Мемлекеттік департамент ұшағы Небраска штатындағы Омаха-Эппли әуежайына қонған. Жолаушылар тексеруден өту үшін Небраска университетінің медициналық орталығындағы арнайы патогендермен емдеу аймақтық орталығына жеткізілді.

ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?

Ал ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен адам бөлек медициналық мекемеге жіберіледі. АҚШ билігі елде хантавирусты жұқтыру қаупін өте төмен деп бағалап отыр. Себебі бұл вирус көбіне адамнан адамға берілмейді. Еске салайық, MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус індеті тарап, үш адам көз жұмған.

9 мамырдағы мәлімет бойынша, сегіз расталған немесе күмәнді жағдай тіркеліп, үш адам қайтыс болған. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегіне сәйкес, хантавирустың инкубациялық кезеңі алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап бір аптадан сегіз аптаға дейін созылады.

Мамандардың айтуынша, ауру негізінен кеміргіштер арқылы тарайды. Алайда сирек жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін.

Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді

Соңғы жаңалықтар

Өзі оқымас – оқытпас

Пікір • Бүгін, 13:45

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10