Әлем • Бүгін, 17:59

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияда алғаш рет хантавирус жұқтырған адам анықталды. MV Hondius круиздік кемесінде болған франциялық әйелдің ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Фото: EFE

Министрдің айтуынша, әйел круизден кейін Францияға оралған. Алайда түнде оның жағдайы күрт нашарлап, жүргізілген тексеру нәтижесінде хантавирус анықталған. Қазір науқас инфекциялық ауруларға маманданған ауруханада ем алып жатыр.

BFMTV мәліметінше, бұл – Франциядағы хантавирус жұқтырудың алғашқы дерегі. Ел билігі науқаспен байланыста болған 22 адамды анықтаған. Үкімет өкілдерінің мәліметінше, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң санитарлық шаралар қабылданып жатыр.

Үкіметтің ресми өкілі Мод Брежон халықты дүрбелеңге берілмеуге шақырды. Оның сөзінше, кейінгі жылдардағы індеттерден кейін қоғамда алаңдаушылықтың болуы түсінікті, алайда жағдай бақылауға алынған.

ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?

Бұған дейін MV Hondius кемесінен түскен бес Франция азаматын мінген ұшақ Париж маңындағы Ле Бурже әуежайына қонған еді. Олардың төртеуінің ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, хантавирус ошағы Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған Нидерландтың MV Hondius круиздік лайнерінде тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті адамның вирус жұқтырғанын растады, олардың үшеуі қайтыс болған.

Соңғы күндері Испанияда, Атлант мұхитының оңтүстігіндегі Тристан-да-Кунья аралында және АҚШ-та хантавирус жағдайлары тіркелді. Ал Польшада бір адам вирус жұқтырды деген күдікпен санитарлық бақылауға алынған.

Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді

Соңғы жаңалықтар

Өзі оқымас – оқытпас

Пікір • Бүгін, 13:45

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10