Медицина • Бүгін, 10:49

Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді    

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босату көзделген. Осы қадамның арқасында дәрі-дәрмек бағасын мейлінше ұстап тұруға мүмкіндік туады, деп жазады Egemen.kz.

Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді    

Фото: Ашық дереккөз

Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі жаңа Салық кодексі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласында қосылған құн салығын қолдану тәртібін түсіндірді. ҚҚС-тан босату шаралары дәрілік заттардың 3 000-нан астам атауын қамтиды. Оның ішінде 1200-ден астам препарат орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған. Тізімдегі дәрілік заттар өткізу арнасына қарамастан айналымның барлық кезеңдерінде оның ішінде көтерме және бөлшек саудада өткізуді қоса алғанда, ҚҚС-тан босатылады. Сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге ҚҚС салынбайды. ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын импортталатын фармацевтикалық субстанциялар ҚҚС-тан босатылады.

Медицина, археология және баспа өнімдері ҚҚС-тан босатылады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов былай деп пікір білдірді:

«Жаңа Салық кодексіне сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде ҚҚС-ын төмендетілген мөлшерлемемен қолдану көзделген. Яғни, биыл қаңтардан ҚҚС дәрі-дәрмек үшін 5% құрайды. Ал 2027 жылы қаңтардан 10 % болады. Сонымен қатар кедендік әкімшілендіру кезінде жеткізілетін дәрі-дәрмектердің нысаналы мақсатын растауды ұсыну міндеттілігіне қатысты мәселелер туындайтынын айта кеткен жөн. Үкіметтің 2025 жылы желтоқсанда бекіткен қаулысына сәйкес, дәрілік заттарды импорттау кезінде міндетті шарттар қолданылады. Осыларды түгендесем, бірінші фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның болуы, жеткізу шартының болуы қажет. Осыған қоса, жеткізушінің тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі керек. Тіркелген дәрілік заттарды импорттау кезінде ел аумағында мемлекеттік тіркеудің болуы шарт. Ал тіркелмеген дәрілік заттарды импорттаған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, берілген рұқсат құжаты ұсынылады», деп қорытты Бауыржан Жүсіпов.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды

Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02