фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК
Қазақстан құрамасының сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Роман Иванов өнер көрсетті.
Отандастарымыз жалпы есепте 213,93 ұпай жинады. Бұл нәтиже командаға жеті құраманың ішінде жетінші орын алуға мүмкіндік берді.
Екінші финалға төрт құрама жолдама алды. АҚШ құрамасы (351,23 ұпай) аралық есепте көшбасшы атанды. Сондай-ақ Қытай (315,02), Аустралия (289,04) және Швейцария (278,48) құрамалары іріктеуден өтті.
Осылайша, қазақстандық фристайлшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?