Саясат • Бүгін, 08:55

Ашық, сындарлы диалог жалғасады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінде өткен актив отырысында еліміздің жаңа Конс­титуциясының жобасы талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық мәс­лихат, қоғамдық кеңес төрағалары, сала басшылары қатысты.

Ашық, сындарлы диалог жалғасады

Сурет: facebook.com/akimatlsk/

Алқалы кеңесте Ата заң жобасында көрініс тапқан негізгі ере­желердің мемлекеттігімізді нығай­туға, азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғауға, экономика, білім, ғылым, инновацияның дамуына, сондай-ақ еліміздегі сая­си институттарды жетілдіруге бағытталғаны туралы сөз болды.

Өңір басшысы конституциялық реформа еліміздің дамуындағы жаңа тарихи белес, маңызды қа­дам екенін атап өтіп, алда жаңа Конс­титуция жобасының жөн-жосығын халыққа жан-жақты түсіндіру мін­деті тұрғанын айтты.

«Облыс тұрғындарымен Ата заңдағы өзгерістердің мән-маңызы туралы әңгімелесіп, тарихи маңы­зы бар реформаны көпшілікке ұғы­нықты етіп жеткізуіміз қажет. Әрбір тұрғын Конституция жо­басында ұсынылған өзгерістер­дің мән-мақсатына көз жеткізіп, түсінгені маңызды», деген өңір басшысы Қ.Ақсақалов осы мақсатта өтетін кездесулер, ой-пікір алмасу­лар аза­маттардың бәріне бірдей ұғы­­нықты болғаны жөн екенін айтты.

Сондай-ақ ол бұл іске өңір­дің зиялы қауым өкілдері, қоғам бел­сенділері де атсалысуы қажеттігін жеткізді.

Конституциялық реформа жө­­­ніндегі комиссия құрамын­да бол­ған облыстық мәслихат төр­­­ағасы Сайлаубек Есжановтың ай­­­туынша, Ата заң жобасын­да «Әді­летті Қазақстан» тұжырым­дама­сы, «Заң мен тәртіп» қағида­ты сияқ­­ты негізгі бағдарлар бекітіл­ген. Осылайша, жаңа жоба мем­лекетті әділ басқару, заң үстемді­гін нығайту және қоғамның мем­ле­кет­тік институттарға деген сені­мін арттырудың нақты құқтық тетіктерін айқындап беріп отыр.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Бектұрғановтың сөзінше, ел көлемінде жарты жыл­дан бері жүріп жатқан консти­ту­ция­лық реформа аясында күн тәр­ті­біне түрлі ұсыныстарды енгізу, оны талқылау, Ата заңның мәтінін өз­герту тәрізді ұлы үдерістердің тіке­лей эфир арқылы көпшіліктің көз ал­дында өткені биліктің халық­қа мей­лінше ашық екенін көрсетіп беріп отыр.

«Конституциялық реформа үдерісіне халықтың да белсенді атсалысып жатқанын байқап отыр­мыз. Әрине, алда әлі де талай ұсы­ныс­ айтылар, Конституция жобасы қызу талқыға түсуі мүмкін. Ел өмі­рін­дегі елеулі оқиға болған соң, ол – дұрыс. Бірақ ашық, сындарлы диалог болу қажет», деді қоғамдық кеңес төрағасы.

Жиында конституциялық рефор­маның мән-маңызына халық­қа қарапайым тілде жеткізіп, тү­сін­діре білу маңызды екені ай­­тыл­ды. Актив отырысынан кейін Ата заң жобасы облыстық, аудан­­дық деңгейдегі мәслихат депу­­тат­тарының жиналысында талқыланды.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар