Саяси кеңес мүшелері Ата заңды талқылау қоғамның жаңаруға және Қазақстанның қазіргі даму кезеңіне сай тұрақты шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуге деген сұранысын жоғарылатқанын атап өтті.
Сонымен бірге талқылауға арналған отырыс кезінде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің логикасы, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтуге, мемлекет пен қоғам арасындағы келісімнің жоғарылығы туралы айтылды. Жиынға қатысушылар Конституцияда бекітілетін нормалар әлеуметтік салада, еңбек қатынастарында және азаматтардың өмір сапасын арттыру нақты іске асыруға тиіс жұмыстар екенін атап өтті.
Реформаның институционалды қырларына да ерекше назар аударылды. Қатысушылар билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты моделін қалыптастырудың маңызына тоқталып, өкілетті органдардың рөлін күшейту және мемлекеттік институттарда қабылданатын шешімдерге деген жауапкершіліктері жоғары болуы қажет екенін талқыға салды.
«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасын әзірлеу форматының өзі мазмұнды қоғамдық жүйенің сараптамалық диалогқа мүмкіндік беретіні маңызды екені айтылды. ЖСДП Саяси кеңесінің пікірінше, мұндай тәсіл әртүрлі көзқарастар мен өңірлік тәжірибеге сүйенген байыпты әрі ұзақ мерзімді шешімдер қабылдауға жол ашады.
Отырыс қорытындысы бойынша ЖСДП Саяси кеңесі конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша ортақ ұстаным қалыптастырып, болашақта талқылауға түрлі ұсыныстарды сараптамалық тұрғыда пысықтау үшін белсенділік танытуға дайын екенін білдірді.
Отырыс іскерлік және конструктивті жағдайда өтті. Бұл ЖСДП-ның саяси әлеуетінің тұрақты әрі кез келген іске жауапкершілікпен қатысуға дайын екендігін көрсетеді. Әлеуметтік бағыттағы, құқықтық мемлекетті дамытуға ниетті ЖСДП тағы бір мәрте өзінің ұстанымын ашық әрі шынайы көрсетті.
Адами капитал – мемлекеттің басты байлығы: AMANAT фракциясы Жаңа Конституция жобасын талқылады