Қаржы • 31 Қаңтар, 2026

Ұлттық қордан берілетін төлемдер: Балалардың шотындағы қорытынды сома 370 долларды құрады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Банк Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа (қоса алғанда) дейінгі балаларға арналған кезекті нысаналы талаптардың БЖЗҚ-ға есептелгенін мәлімдеді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 доллардан есептелді. 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық қордан берілетін төлемдер: Балалардың шотындағы қорытынды сома 370 долларды құрады

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 доллардан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 доллар есептелді.

Балаларға есептелетін сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақ мерзімді инвестициялық табысының жартысынан және қордағы валюта активтерінің көлеміне қарай қалыптасады. Сонымен қатар алдыңғы жылдары балалар шотына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор портфелінде инвестициялана береді, сол арқылы қосымша табыс әкеледі.

Ұлттық қордан 6,9 млн баланың шотына 130 доллардан түсті

Инвестициялық табыстың көлемін ескергенде, үш жылдан бері бағдарлама іске асқалы жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 долларды құрады. Тиісті ақпаратпен электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар