Фото: pexels
Түгендеу жұмыстары жеңілдетілген ипотека мен мемлекеттен берілетін жалдамалы тұрғын үйді жаңа қағидалар бойынша әділ бөлу мақсатында жүргізілген.
«13 тамызда бізге 642 мың азаматтың дерекқоры берілді. Жаңа ережелер бойынша кредиттік және жалдамалы тұрғын үйді бөлу үшін 4,5 ай бойы SMS жіберіп, қоңырау шалып, түгендеуден өту қажеттігін ескерттік. Жақсы жаңалық – 244 мың адам инвентаризациядан сәтті өтті, яғни барлық өлшемшарттар сәйкес келеді», деді «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға пайдалану тәртібі өзгертілді
Тексеру қорытындысы бойынша 55 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй кезегі уақытша тоқтатылған. Себебі олардың жеке меншігінде немесе жұбайымен ортақ меншікте баспанасы бары анықталған. Мұндай жағдайда азаматтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.
Сонымен қатар түгендеу барысында үлестік меншікке ие азаматтардың да көп екені белгілі болған.
«Кейбір адамдарда әжесінен немесе анасынан қалған 1/7 үлес сияқты мұра бар. Тіпті кейбірі өзінде үлес барын білмеген, ол жекешелендіру келісімдері кезінде, кәмелетке толмаған шағында рәсімделген», деді Л.Ибрагимова.
Енді тұрғын үйде үлесі бар азаматтар жеңілдетілген ипотека ала алады
Осы жайттарды ескере отырып, банк үлестік меншігі бар азаматтарды мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатыстыру туралы шешім қабылдаған.
Бір айда 53 мың мәміле жасалды: Тұрғын үй бағасы қай қалаларда қатты көтерілді?