Тағайындау • 27 Қаңтар, 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Ертаев Асқарбек Маратұлының кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Бұдан соң, Ақорданың ресми сайтында Асқарбек Ертаевты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бұл қызметті Светлана Жақыпова атқарған еді.

Соңғы жаңалықтар