Жаңа келісімшартқа сай Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза 2028 жылдың 30 қарашасына дейін «Қайрат» қақпасын қорғайды.
Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол Чемпиондар лигасының алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады.
Сондай-ақ Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды.
Айта кетейік, «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы аясындағы соңғы матчын 28 қаңтар күні Англияның әйгілі «Арсенал» командасына қарсы өткізеді. Лонданда өтетін матчқа «Қайрат» 25 қаңтар күні аттанды. Аталған құрамалар арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де басталады.
Еске салайық, жақында «Қайрат» сапына екі жаңа ойыншы қосылып, аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос және бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойды.
Ал Чемпиондар лигасы аясында өз алаңымызда соғылған жалғыз голдың авторы Әділет Садыбеков «Ақтөбеге» ауысады.