Фото: іnbusiness
«Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты есептеледі. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы қаралады. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара бар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады», деді Тимур Сүлейменов.
2025 жылы Ұлттық қорға қанша табыс түсті?
2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, қордың жиынтық активтері 77,77 млрд долларды құраған.
Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың басында Ұлттық қордың жалпы активтері 29,85 трлн теңгені құраған. Есепті кезеңде қор қоржыны 3,84 трлн теңгемен толығып, одан 5,95 трлн теңге жұмсалған. Осылайша, қордан алынған қаражат көлемі түсімнен 2,1 трлн теңгеге артық болып отыр.
Ұлттық қор табысы мұнай секторы, салық түсімі, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен экспортқа салынатын рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемдері есебінен көбейген.
«Бәйтерек» Ұлттық қорға 23,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды
Азаматтар Ұлттық қордан түскен қаражатын қалай жұмсап жатыр?
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қолға алынған екі жыл ішінде азаматтар 28 млн доллардан астам қаражатты пайдаланған.
Бұл ретте ата-аналар мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті негізінен баспана мәселесін шешу мен балаларының білім алуына бағыттаған.
Игерілген қаржының басым бөлігі, атап айтқанда, 18 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал қалған 10 млн доллар білім ақысын төлеуге жұмсалған.